Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шымкент білім бөлімінің қызметкері пара алды деп күдікке ілінді

22 қаңтар 2023, 23:39

Күдіктіге қатысты  «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құпия ақпарат бойынша 11.01.2023ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, бұл факт бойынша Шымкент қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары күдіктеледі, - делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет (800 мың теңге) пара алу фактісі анықталды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» ұсталып, өз жауабында қылмыс жасағанын толық мойындады.

«Ш.А.» қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.