Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шымкент тұрғыны жәрдемақы алуға көмектесемін деген алаяққа алданып, қомақты қаржысынан айрылып қалды

16 желтоқсан 2021, 11:34

Шымкент тұрғыны жәрдемақы алуға көмектесемін деген алаяққа алданып, қомақты қаржысынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы жүгінген.

Арызданушының айтуынша, оған алыс танысы мемлекет тарапынан миллион теңге көлеміндегі жәрдемақыны шығарып беремін деп сендірген. Алдымен құжаттарды жасау үшін 200 мың теңге қажеттілігін айтып, қаражатты есепшотына аудартып алған. Алайда арада уақыт өте не уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай “ізін суытқан”.

Тәртіп сақшылары аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды. Аталған алаяқтық жайтын ашу мақсатында Абай АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, азаматшаның жеке-басын анықтап, оны басқармаға жеткізді. Ол 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

 Белгілі болғандай, ұсталған әйел арыз иесінен алған қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.