Шымкенте үш бала көліктің жүксалғышында тұншығып мерт болды

22 мамыр 2022, 01:04

Шымкентте үш бала көліктің жүксалғышына кіріп, қайта шыға алмай қалған. Балалардың екеуі оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға 19 мамыр күні болған. Ата-аналарының жоқ екенін пайдаланған балалар көліктің жүксалғышына кірген. Алайда қайта шыға алмай қалған.

"Екі бала сол жерде мерт болды, үшінші бала бүгін жансақтау бөлімінде көз жұмды", – делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында. 

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.