Ел жаңалықтары

Шымкентте бас дәрігер қызметкерлердің шағымынан кейін жұмыстан босатылды

  • Шымкентте бас дәрігер қызметкерлердің шағымынан кейін жұмыстан босатылды

    Шымкентте бас дәрігер қызметкерлердің шағымынан кейін жұмыстан босатылды

Қол астындағылардың шағымынан кейін Шымкенттегі стерилизация орталығының бас дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шағым

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың айтуынша, жақында стерилизация орталығында басталған жанжал реттелген. Қызметкерлері шағымданған бас дәрігер жұмыстан босатылды.

 

"Зарарсыздандыру орталығында медқызметкерлердің жалақысын төмендету бойынша бұзушылықтарға жол берген. Осыған байланысты бас дәрігерді жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Басшылықта тұрған басқа адамдарға орталық ең қатаң шараларды қолданады. Барлық қосымша ақылар қалпына келтіріледі. Осы айдан бастап емдеу құралдарын қалпына келтіретін боламыз", - деді Ербол Садыр.

Шымкенттің әкімі Мұрат Айтенов де өзінің Instagram-ында бас дәрігердің қызметінен босатылғанын хабарлады.

"Жедел жәрдем станциясының барлық мамандарына олардың санатына сәйкес қосымша ақы беріледі. Қазір станция басшылығына қолданылатын шаралар туралы шешім қабылдануып жатыр", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, стерилизациялау орталығында жанжал бірнеше күн бұрын болған. Жұмысшылар бас дәрігерді жұмыстан шығаруды, жалақыны көбейтуді және жұмыс орындарын сақтап қалуды талап етті. Олардың айтуынша, дағдарыс басталған кезде олардан толық емес жалақыға жұмыс істеуді сұраған. Қарапайым қызметкерлер осындай жалақыға көшкен, ал басшылық жоқ. Мекеме жұмысшылары басшыларының бұрынғыдай 150 мың теңге алып отырғанына, ал өздері аздаған тиын-тебенге жұмыс істегеніне наразылық білдірді.

 

 




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31