Шымкентте білім бөлімінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді

22 қаңтар 2023, 19:07

11 қаңтарда Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, бұл факт бойынша қаланың білім бөлімінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

 
Ол балабақша басшыларынан 2022 жылы қаланың балабақшаларын тексеру бойынша оң шешім қабылдағаны үшін бірнеше рет (800 мың теңге сомасында) пара алған.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық Білім бөлімінің арнайы бөлім басшысы ұсталды.  «Ш.А.» есімді азаматша өз кінәсін толық мойындады.

Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.