Ел жаңалықтары

Шымкентте ер адам аттракционға барамын деп көз жұмды

  • Шымкентте ер адам аттракционға барамын деп көз жұмды

    Шымкентте ер адам аттракционға барамын деп көз жұмды

Шымкентте ер адам "Қиял әлемі" технопаркіне барғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттің құқық қорғау органдарының қызметкерлері "Қиял әлемі" технопаркіндегі ер адамның не себепті мерт болғанын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аттракционға келушінің жүрек талмасы ұстаған. 

 
Куәгерлердің айтуынша, 45-50 жастағы ер адам "Балға" аттракционының сеансына отырған кезде өзін жайсыз сезіне бастаған. 

Төтенше жағдайға көргендер дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда ақ халаттылар ер адамның өмірін құтқара алмады. Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша, ер адамда жүрек ұстамасы болған. 

Сондай-ақ куәгерлер жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін технопарк қызметкерлері де келушіге өз бетінше көмек көрсетуге тырысқандарын айтты. Бірақ оларда кезекші медициналық маман тұрмақ, тіпті қарапайым дәрі-дәрмек қобдишасы да болмаған көрінеді. 
Болған оқиға бойынша тексеріс жұмыстары басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылған. 

Өкінішке қарай, бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Жігіт мектеп бітірген, саябақта қосымша жұмыс істегені хабарланды. Ол аттракционың металл құрылымына шығып, құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырды.




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 11:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31