Ел жаңалықтары

Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды

  • Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды

    Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен 22 жастағы қыздың мәйіті табылды.  Қайғылы  жағдай қаланың қақ ортасындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде болған, деп хабарлайды Астана арнасы.

 
Көршілердің айтуынша, бұл пәтер тәуліктік жалға беріледі.  Күн сайын айқай-шу шығып, мазаны алады дейді. Бұл жолы да қатты шу болып, полиция шақырған көрінеді.  Артынша жағымсыз иіс шығыпты. Бейресми ақпарат көздері бойжеткенді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген деген ақпарат таратуда. 

Алайда оқиға орнын тергеп-тексеріп жатқан полиция мұны растаған жоқ. Құқық қорғаушыларды дерегінше, марқұм бөлмені бүгін ғана жалға алған. Жас қыздың ажалына не себеп болғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

 «1998 жылы туылған азаматшаның аталған пәтерді 2021 жылдың 30 қарашасында таңғы сағат 07:00-де жалға алғаны анықталды.  Оқиға орнынан қайтыс болған азаматшаның жеке заттары тәркіленіп, қол саусақтарының іздері алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Шымкент қалалық Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Мөлдір Бекеева.




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 10:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31