Ел жаңалықтары

Шымкентте жанжал кезінде күйеуі әйелін пышақтап, артынша өзін бауыздаған

  • Шымкентте жанжал кезінде күйеуі әйелін пышақтап, артынша өзін бауыздаған

    Шымкентте жанжал кезінде күйеуі әйелін пышақтап, артынша өзін бауыздаған

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін бірнеше рет пышақтап, артынан өз-өзін бауыздап жіберген. Ерлі-зайыптылардың көршілері осылай деп отыр.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қансыраған келіншек пәтерден шығуға талпынып, жұртты көмекке шақырған. Оқиға орнынан түсірілген видеодан, терезедегі қан іздерін анық көруге болады. Жантүршігерлік көріністі көзі шалған көршілері әлі өз-өздеріне келе алар емес. Қанды драмамен аяқталған отбасылық дау неден басталды? Ерлі-зайыптылардың туыстары не айтты?

Отбасының көршілерінің сөзінше, кезекті жанжал кезінде ашуына ерік берген ер адам әйелін бірнеше рет пышақтап, артынан суицид жасамақ болып дәл сол пышақпен өз тамағын орып жіберіпті. Келіншектің жанұшыра айқайлаған дауысы да сыртқа анық естіліпті. Нәзік жанның терезеден қашып шықпақ болғанын мына қан іздеріне толы терезе жақтауларынан байқауға болады.

Бірақ отағасының туыстары, бұл сұмдық жайтқа қатысты мүлдем басқа мәлімет келтіріп отыр. Олардың айтуынша, оқиға кезінде үйде тағы біреу болған және ерлі-зайыптыға сол адам қастандық жасаған болуы мүмкін. Өйткені, баспанада бірнеше адамға дастархан жайылғаны, ал ер адамның үстінде екі-үш жерден жарақаты бары анықталды.

"Ол өзіне өзі қол жұмсауы мүмкін. Ол өзіне қол жұмсады дегенге сенбейміз. Мен мына дәрігерлерден жағдайын сұрадым. Үш жерден қырқылған деді. Адам мойнын үш жерден қырқады деген болмайды. Пышақ сүйегіне дейін өткен дейді. Біз біреудің қолы бар деп ойлаймыз", - дейді күдіктінің ағасы Бақыт Әбжаппаров.

Ал 48 жастағы отағасының қарындасы Әсия болса, отбасында жанжал жиі болатынын жасырмады. Тіпті, ағасы бауырына бірнеше рет хабарласып, әйелінің ұрыс шығарып, үйді басына көтергенін айтқан. Бұл жағдайға жеңгесін кінәлаған Әсия ағасына шаң жуытпай әлек. Бірақ ашу үстінде не болғанын тап басып айта алмаймын дейді.

"Менің ағама тыныштық бермейді. "Ақша таппайсың, арамтамақсың" деп отыр. Маған ағам жылап, 20-сы звондап айтты: "Әлия, маған осылай істеп жатыр" деп. Ашу үстінде сол нәрсесі болған шығар. Оған мен кепілдік бере алмаймын", - деді қарындасы Әлия.

Абырой болғанда, ерлі-зайыптылар шұғыл ауруханаға жеткізілген. Екеуі де көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер олардың өмірі үшін арпалысып жатырмыз дейді.

"Қазіргі таңда азаматтың жағдайы бірқалыпты. Керекті ем-домын алуда. Есін біледі. Сұраққа жауап береді. Екінші азаматша хирургия бөлімінде. Емін алуда. Өздігінен жүріп, тұра алады", - деді аурухана дәрігері Тайбек САдықов.

Ерлі-зайыптылардың екі қызы бар. Ал отағасы жұмыссыз көрінеді. Күдіктіге қатысты қазір екі бап бойынша іс қозғалып отыр. Осы дерек бойынша Шымкент қалалық полиция департаментіне хабарласқан едік. Мынадай жауап алдық.

«Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында, ерлі-зайыптылардың арасында отбасылық, тұрмыстық жанжал туындады. Сол жанжалдың барысында, жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзі- өзіне қол жұмсамақ болған. Соның салдарынан, екеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді полицияда.

Өз жарына жауыздық жасаған ер адамға нақты қандай жаза тағайындалатыны әзір белгісіз. Бастысы - ерлі-зайыптылардың амандығы дейді туыстары. Одан кейін не болатынын сот шешеді.  




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.12.2019, 21:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29