Шымкентте жас жігіт құзға өрмелеу қабырғасынан құлап кетті

11 сәуір 2022, 13:18

Шымкенттегі Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Жайлаукөл» саябағында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Оtyrar.kz. 

 
Құзға өрмелеу қабырғасының ұстағышы жұлынып кетіп, 20 жастағы жас жігіт биіктен құлап кетті. Қайғылы оқиға 10-сәуір күні болған. 

Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. 

Медициналық тексеру барысында пациенттің бас сүйек маңдайшасы жарақаттанғаны анықталып, операция жасалды. Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.