Шымкентте жасөспірім қараусыз қалған карьердегі суға батып кетті

03 мамыр 2022, 15:28

Он бес жастағы жасөспірім Шымкенттің Қайтпас-1 шағын ауданында қараусыз қалған карьер шұңқырында суға батып кетті. Тосын оқиға 2 мамыр күні сағат 14:45-те болған, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі Vera.kz басылымына сілтеме жасап. 

Карьер шұңқыры қараусыз қалғандықтан, мұнда жер асты сулары жиналған. Әрі шұңқыр шомылуға арналмаған. Дәл осы жерде 2007 жылы туған бала суға батып кетті. 

“Жедел құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері оқиға орнына жетіп, іздеу жұмыстарын жүргізді. Сағат 16:20-да суға кеткен жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға алып шықты. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті. 

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері және 4 сүңгуір жұмыс істеген.