Шымкентте жасырын алькоголь шығаратын цех жұмысы әшкереленді

14 маусым 2022, 15:48

Қаржылық мониторинг агенттігі  жалған есепке алу-бақылау жұмыстарын жүргізе отырып, жасырын алкоголь шығаратын цех жұмысын әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Turkistan.kz” порталына сілтеме жасап.

Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық "Родная степь", "Русская на бруньках", "Тау эксклюзив" контрафактілік алкогольдік өнімдері табылған.

Сонымен қатар 1000 литр алкоголь, алкоголь өндіруге арналған аппарат, контрафакт есепке алу-бақылау маркалары және 20 мыңнан астам бос бөтелке табылып, тәркіленді.


Сот үкімімен ұсталған азаматқа қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 531 500 теңге айыппұл салды.

Тәркіленген контрафакт алкоголь өнімі жойылады.