Шымкентте жүк көлігі көпірден үш көліктің үстіне құлады

15 сәуір 2022, 05:10

Жол апаты Шымкент қаласы Рашидов көшесінің бойында болды. «Газ-53» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол апатын жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
 Тежегіші істен шыққан «Газ-53» көлік жуу орнының жанында тұрған үш көліктің үстіне құлады. Полиция қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлім етті.

«Жаншылған жеңіл көліктер жеке азаматтарға тиесілі. Олардың шығынын өтеу жағын сот шешеді»,- деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданады», – делінген полиция хабарламасында.