Шымкентте мұнай мен газ ұрлады деген күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті

11 мамыр 2022, 22:02

Шымкент мұнай-газ құбырынан газ және мұнай ұрлады деп айыпталған күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Күдікті тергеу изоляторынан бүгін, 11 мамырда қашып кеткен. Қазір күдіктіні іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

"Аталған факті бойынша Шымкент қалалық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы "Қарау орындарынан, қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қашу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. ҚР Процессуалдық кодексі, тергеудің егжей-тегжейлері және басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды", - деді Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысы ІІД-де қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады.