Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шымкентте санитарлық-эпидемиология қызметкері өзін полицей ретінде таныстырып, ақша бопсалаған

15 маусым 2022, 11:03

Шымкент қаласы полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полиция озбырлығының құрбаны болғаны туралы арызданған. Сөзінше, полиция қызметкері ай сайын 80 мың теңге беріп тұруды талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің айтуынша, бейтаныс адам өзін әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқықбұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Сондай-ақ әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін "полицей" әйелден ай сайын 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен.

"Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы екендігі анықталды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарламасында.