Ел жаңалықтары

Шымкентте су тасқынынан зақымданған үйлерді 1,5 айда қайта салып береді

  • Шымкентте су тасқынынан зақымданған үйлерді 1,5 айда қайта салып береді

    Шымкентте су тасқынынан зақымданған үйлерді 1,5 айда қайта салып береді

Естеріңізде болса 13 сәуір күні Шымкент қаласында болған қатты нөсер жауынның салдарынан Елтай тұрғын алабындағы бірқатар үйді су басқан болатын. 110 үйдің ауласына, 32 үйдің ішіне су кірді. Комиссияның шешімімен қатты зардап шегіп, тұруға жарамсыз болған 5 үй қайта салынатын болды.


Құрылыс жұмыстарына «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан қаржы бөлінбек.


Құрылыс компаниялары үйлерді бір жарым айда аяқтамақ. Бұдан бөлек, су басып зақымданған 32 үйді қалпына келтіруге қордан тиісті қаржы бөлінеді.

 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев елді мекеннің тұрғындарымен кездесіп, су басып өткен аулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарының барысын тексерді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.

 

Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан аула аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда. Сондай-ақ олар бүгінге дейін ұзындығы 30 метр болатын екі көше мен 48 үйдің ауласын лайдан тазартты.


Н. Назарбек

aikyn.kz




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 21:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Маусым, 09:49
    Балаларымен қауышты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30