Ел жаңалықтары

Шымкентте ұлдарынан айырылған ата-ана: Дәрігерлер ауруханаға алып кетудан бас тартты, қос баламыз аман қалар еді

  • Шымкентте ұлдарынан айырылған ата-ана: Дәрігерлер ауруханаға алып кетудан бас тартты, қос баламыз аман қалар еді

    Шымкентте ұлдарынан айырылған ата-ана: Дәрігерлер ауруханаға алып кетудан бас тартты, қос баламыз аман қалар еді



Дәрігерлер уақытты созбағанда, қос баламыз аман қалар еді. Екі бірдей ұлынан айырылған шымкенттік ерлі-зайыптылар журналистерге сұхбат беріп, ақ халаттылардың әрекетіне шағымданды.


Шымкентте ұлдарынан айырылған ата-ана: Дәрігерлер ауруханаға алып кетудан бас тартты, қос баламыз аман қалар еді


Бұған дейін тұтас бір отбасының неден уланғаны туралы түрлі болжамдар айтылып келді. Мәпелеп отырған перзенттерінне аяқ астына айырылып қалып, қан жұтып отырған ата-ана оның біразын жоққа шығарып, кейбіріне күмән келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Шым шаһарды ғана емес, бүкіл елді елең еткізген жайт осы үйде болған. Бірнеше күн бұрын ғана мында екі ұл мен бір қызы бар қарапайым отбасы болатын. Шаңырағы опырылған қазір. 4 жастағы Аңсар, 11 айлық Мирас енді жоқ. Алғашқыда бүкіл отбасы әлденеден уланып, дәрігерлерге жүгінген еді. Қай астан кесір болғанын отағасы да дөп басып айта алмай отыр. Газдан уланбағанымыз анық дейді.


"Екеуміз де қатты жақсы көретінбіз. Солардан үміт күтіп, ер азамат болып өссе екен деп солардан жақсылық күтіп отырған адамдар едік.Тұшпара деп айтқанымыз соңғы асымыз. Тергеуші соңғы асыңыз не болды деп сұраған соң, тұшпара деп айттық. Оны да білмейміз. Ешкімге қара жауып не еткім келмейді", - дейді тұрғын Артық Тасболатов.


Қабырғасы қайысқан ата-ана асқа емес, дәрігерлерге өкпелі. Бірінші мәрте келген жедел жәрдем бүкіл отбасы мүшелерінің лоқсып, құсып жатқанын көрсе де, әрекет қылуға құлық танытпады дейді. Тек біреуіңді әкетеміз, не бәрің қалыңдарға салған көрінеді.


"Қызым әлсіз болып тұрғаннан кейін жаздым. Мен өйткені екі баламды тастап кете алмаймын ғой, құсып, әлсізденіп жатқан балаларымды тастап мен қызыммен кете алмадым. Сіз балаларымды алып кет деп айтқан жоқсыз ба? Балаларым ше дедім мен. Сол кезде әкете алмаймын деді ме? Неге өйтті? Маған бір адамға ғана шақырту түсті деді", - дейді Арайлым Ботаева. 


Үйдегілердің жағдайы одан сайын нашарлаған соң, екінші мәрте жедел жәрдем шақырылған. Бұл жолы үш баласын жетектеп ана кетті, әкесі өз көлігімен алдымен жұқпалы аурулар, кейін токсикология ауруханасына беттеген. Жайсыз хабар сол кезде келіпті.


"Қалай айтатынымды білмеймін деп қасындағы біреуге берді. Айтып түсіндірші деді. Әкесі болсаңыз, ер адамсыз, бекем болыңыз, үлкен ұлыңыз жүріп кетті деді. Сұрап не қылғанымызда, Мирас па деді. Иә, 11 айлық па, иә. Ол да жаңа жүріп кетті деді. Қолымыздан келгеннің бәрін істедік, бірақ жүріп кетті деді", - дейді Артық Тасболатов. 


"Балам демала алмай қалды ғой. Мұздай болып, демалмай қалды. Қойнымда жатып кетіп қалды", - дейді Арайлы Ботаева. 


Тұшпараны сатқан дүкенге беттедік. Ондағылар камерадан қашып әлек. Бірі күдікті партияны әкетті дейді, енді бірі ешкім келген жоқ дейді.


Соңғы байламды сараптаманың нәтижесі шығарып берер. Оны Денсаулық сақтау министрі де күтіп жүр.


"Әлі анықталған жоқ. токсикологиялық экспертиза жасалды. Содан кейін белгілі болады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 


Камера алдында қайғы жұтқан ата-ана өздерін барынша ұстамды көрсеткенімен, өксігі тұншығып жатқаны айтпаса да түсінікті. Ұлдары асыр салып ойнаған ойыншықтарын да бір бұрышқа жинастырып қойған. Олармен ойнайтын Аңсар да, Мирас та жоқ бірақ.


 



 

 




Көрілген: 175    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 20:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30