Ел жаңалықтары

Шымкенттегі карантинге жабылған елдімекен тұрғындары шу шығарды

  • Шымкенттегі карантинге жабылған елдімекен тұрғындары шу шығарды

    Шымкенттегі карантинге жабылған елдімекен тұрғындары шу шығарды

Шымкентте карантинге жабылған елді мекенге кешеден бастап азық-түлік жеткізіле бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап.

коронавирус

Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрмысы төмен 50 отбасыға әлеуметтік пакет үлестірілген. Алайда, үйлеріне еркін кіріп-шығып үйренген халық үшін бұл қиынға соғуда. Олардың талабы ауылды қоршауға алмас бұрын, халықты керек-жарақтарен қамтамасыз етсін дейді. Өйткені, ауыз судың өзі жеткіліксіз көрінеді. Одан бөлек, қала әкімінің бұйрығымен үшінші мегаполисте шектеулер енгізілді.  

 

"Міне, қазір төрт күннен бері азық-түлік келіп жатқан жоқ, май келіп жатқан жоқ, ұн келіп жатқан жоқ. Бала-шаға -аш! Коронавирус қайдан болады, аштықтан пайда болады. Қарнын тойғызып қойыңыздар".

Карантинге жабылған "Тәуелсіздікке 20 жыл" ауылының тұрғындары бүгін блокпостта айқай-шу шығарды. Олардың сөзінше, елді мекендегі әлеуметтік жағдайды ескермей жатып, жергілігті билік бірден оқшаулап тастаған. Азық-түлік өз алдына, қарапайым ауыз су жоқ дейді ашынған жұрт.

Бірақ, ауыл тұрғынының бұл уәжімен шенеуніктер келіспейді. Елді мекеннің көшелері үш күннен бері залалсыздандырылып жатыр екен. Кешеден бастап, тізім бойынша, тұрмысы төмен 50 отбасыға әлеуметтік пакет ұсынылған. Бүгін тағы 57 үйге таратылмақшы. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы арзан бағада қажетті тауарлар сатылымға шығарылды дейді аудан әкімі.

"Ол жерде барлық жағдайға байланысты, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, күні кеше 2000 дана бетперде демеушілер есебінен халыққа тегін таратылды. Сонымен қатар, ол жерде 107 тұрмысы төмен отбасы тұрады. Олар 616 адам", - дейді Бұқарбай Парманов, Абай ауданының әкімі.

Осымен екінші күн түнделетіп болса да, қала әкімі тікелей эфир арқылы халыққа мәлімдеме жасап жүр. Мұрат Әйтеновтың сөзінше, бүгін түнгі он екіден бастап, қалаға кіріп-шығуға бірқатар шектеулер енгізілді. Соған сәйкес, отбасылық, еске алу шаралары және салтанатты жиындар өткізілмейді. Барлық сауда нысандары өз қызметін онлайн режімге көшіру қажет.

"Авиа және теміржол қатынастары толық тоқтатылады. Сонымен қатар, автокөлік базарары, азық-түлік жәрмеңкелері мобильді телефон сататын дүкендер жұмысы тоқтатылады", - дейді Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі.

Осы күні, қоғамдық көліктер қозғалысына да шектеу қойылды. 

"Енді бұдан былай кешкі 9-дан бастап таңертеңгі 7-ге дейін үшінші мегаполиске жолаушылар мен көліктердің кіріп шығуына тыйым салынды. Ескеретін бұл жәйт, шектеу азық-түлік тасымалдаушы машина мен транзиттік көліктерге қатысы жоқ".

 
 

 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31