Ел жаңалықтары

Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

  • Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

    Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Соңғы уақытта жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық жасау белең алып барады. Мәселен, кәмелетке толмаған шымкенттік қыз 17 жастағы екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Мұнымен қоймай арсыздар бұл әрекетін ұялы телефонға түсіріп, видеоны әлеуметтік желіге жүктейміз деп жәбірленушіден ақша бопсалап келген. Әрқайсысына сот 5 жылдан үкім кесті. Бірақ осыған ұқсас әлі күнге дейін шешім шықпаған зорлау фактісі жетерлік. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


"Олар ойласқан да біреуміз бірінші қылып алайық кейін сен істейсің деп. Сөйтіп байлап қойды. Біреуі аяқ-қолымды ұстап тұрып істеді", - дейді 8-сынып оқушысы.


Өзінің қатарластарынан теперіш көрген баланың жасы 13-те. Түркістан облысы, Сарығаш ауданы, Жылға аулындағы мектеп-интернатта оқып жүргенде бір жыл бойы оны қатарластары зорлап келіпті. Соңында жасөспірім қорлыққа шыдай алмай, бәрін туыстарына айтып берген.


Өмір бойына психологиялық соққы алған жасөспірімнің анасы бұған өз ісіне салғырт қараған мектеп әкімшілігін кінәлап отыр. Себебі, о баста білім ордасындағылар істі жылы жауып қоймақ болды дейді. Тіпті, күдіктілердің туыстары да кешірім сұрап ақша тықпалаған көрінеді. Келіншек барлық ұсыныстан бас тартып, әділдік іздеп Алматыдағы сотқа арызданған. Бірақ айуандық әрекетке барғандардың 17 жастағысын кәмелетке толмаған деп босатып жіберген. Ал, екіншісінің үстінен қылмыстық іс те қозғалмаған. Өйткені, ол бар болғаны 14-те екен.


"№62 мектеп, Сейфуллин мектебінде зорлыұ орын алды. Менің баламды ауылымның екі баласы зорлаған. Қазір балам психический жайында емес, төмпешектеп жатып алады. Қатты ауыр сөз айтсаң қорқып қашып кетеді. Адамдардан қашады. Өз алдына жалғыз өзі жүреді. Жүйкесі ауырады", - деді баланың анасы Алтынкүл Арапова.


Арсыздардың айуандық әрекеттер тізімі мұнымен бітпейді. Күні кеше Байқоңыр қаласында да өз бауыр еті баласын зорламақ болған қаскөй ұсталды. Ащы суға сылқия тойып алған әкесі 5 жастағы қызына аялдамада арам ісін жүзеге асырмақ болған. Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар бүлдіршінді аман алып қалды. 33 жастағы ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Дәл осындай жаға ұстатарлық жағдай Ақтөбеде де тіркеліп еді. 36 жастағы ер адам 13 жастағы қызын бір жыл бойы жыныстық қатынасқа итермелеп келген. Мектеп оқушысы бұл қорлықтан әбден шаршағанын айтып, анасына шағымданған болатын. Сұмдық жайтты естіген келіншек 14 жыл отасқан күйеуінен ажырасып сотқа бергені де көпшіліктің есінде.


"Менің отбасым үшін бұл үлкен трагедия. Қызым жаныма келіп, жайлап ғана бұл сорақылықтан шаршап кеткенін, түңілгенін, шыдамайтынын айтты. Бәрі түнде, біз ұйықтап жатқанда болған. Айтып қойсаң, өлтіремін деп қорқытқан. Бір жыл бұрын басталған зорлық қылып. Мен сенбедім, есеңгіреп қалдым. Қазір қызымның болашағы ғана алаңдатады. Мен оның заң жүзінде жазасын алғанын талап етемін!", - дейді қала тұрғыны.


Тағдырына бала кезінде балта шабылғандардың жағдайына бей-жай қарамаған қоғам белсенділері де, аталған жайтқа байланысты өз ұстанымдарын көрсете білді. Мәселен, жуырда мәжіліс депутаты Дәния Еспаева зорлық жасаған арсыздарды өмір бойына түрмеге қамап, химиялық кастрация жасату керек деген ұсыныс айтқан болатын. Бірақ, қанша заң қатаңдаған күннің өзінде қорғансыз жандарға көз алартқандардың қатары әзірге азаймай тұр.  




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 23:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30