Шымкенттік лифтіде балалы әйелді зорламақ болды

25 мамыр 2022, 18:33

Бүгін әлеуметтік желілерде Шымкенттегі "Нұрсәт" шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде ер адамның балалы әйелге шабуыл жасағаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бейнежазбада оның лифтке кірген бойда әйелдің аузын жауып, екінші қолмен пакетке ұқсас затты тартып алмақ болғаны түсіп қалған. Осы кезде лифт есігі ашылып, сәбилі әйел қашып шығады.

Шабуыл жасаған ер адам балалы әйелден не тартып алғаны әзірге белгісіз. 

Бұдан кейін ер адам лифтке  басқа әйел кірген сәтте бірер секундқа шығып,  қайта оралады.  Дәл осы жерде видео үзілген. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың зәре құтын қашыруда. Шымкенттіктер әсіресе балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер бүгін жергілікті тұрғынның Қаратау аудандық басқармаға хабарласып белгісіз азаматтың жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін айтып шағым түсіргенін растады.

Қазіргі таңда осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 24-120 бабымен "Зорлауға оқталу"  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының арнайы тобы күдіктінің тұлғасын және жүрген жерін анықтауға кірісті.