Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шымкенттің бас сәулетшісі 500 млн жымқырғаны үшін сотталды

05 ақпан 2021, 14:34

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мүлкін тәркіленуімен қоса 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді. 

"26 қаңтарда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік тәркіленіп, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен Шымкент қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ж. Байымбетов 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Данияр Бигайдаров.

 
Сол үкіммен "ИнвестСтройПроект ЛТД" ЖШС директоры А. Айтбаев 10 жылға материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтеумен қатар 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар Шымкенттің топографиялық түсірілім жұмыстарын мемлекеттік сатып алу кезінде 498 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп атап өтті Агенттікте.