Ел жаңалықтары

«Шымкенттің көпбалалы отбасылары Қытайдың ең кедей деген тұрғынынан да екі есеге жуық нашар тұрады» - журналист

  • «Шымкенттің көпбалалы отбасылары Қытайдың ең кедей деген тұрғынынан да екі есеге жуық нашар тұрады» - журналист

    «Шымкенттің көпбалалы отбасылары Қытайдың ең кедей деген тұрғынынан да екі есеге жуық нашар тұрады» - журналист

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш өзінің әлеуметтік желісінде шымкенттік шенділердің кезекті қулығын әшкерелеп тағы бір пост жазғаны белгілі болды. Журналистің айтуынша, шымкенттік шенеуніктер қордаланып қалған мәселелерді шешудің орнына азын-аулақ ақшасын төлесең ауызына келгенді жаза беретін біреулерді жалдап жұртқа айдап салуды жақсы меңгерген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ал олар өз кезегінде қала әкімі Әйтеновті өлгенше мақтап, жұрт назарын қордаланып жатқан өзге де мәселелерден аулаққа ұстауға тырысады. 

«Шымкент әкімдігінің алдына жиналған көпбалалы аналар және оларға әкімдік тарапынан көрсетілген көмек туралы екі адамның постын оқыдым. Біреуін Бибіайша, екіншісін Рүстем Әшетаев жазыпты. «Жазыпты» деген аты ғана. Екеуі де бір-бірінен көшірген. Постттың мәні - әкімдікке маза бермей жүрген аналарға «масыл» деген айдар тағу екені көрініп тұр. Өйткені, әкімдік көпбалалы аналарға өз тарапынан түк те жағдай жасамаған! 

Мемлекеттік бағдарламалар мен қайырымдылық қорлары бөлген қаржыны тізбектеп кетіпті. Мысалы, бір анаға бір кварталға 156 мың теңге берілген екен. Айналайын-ау, бір кварталда бақандай үш ай немесе 90 күн бар ғой! Ал көпбалалы ананың шамамен 6 баласы бар делік. Өзімен жеті адам. 156 мың теңгені 90 күнге бөлші. Күндігіне 1733 теңгеден шығады! Мұны 7 адамға бөлейік. Сонда, әр адамға күніне 247 теңгеден тиеді! Қытайдың ең кедей ауданында жан басы күндігіне 450 теңгеден тиеді екен. Сонда, Шымкенттің көпбалалы отбасы Қытайдың ең кедей тұрғынынан да екі есеге жуық нашар түрады деген сөз ғой! 

Одан соң, шенеунік немесе бұрынғы мемқызметкер болмаса қарапайым адамдардың жеке бас мәліметін рұқсатсыз жариялау қаншалықты заңды? 

Жарайды. Бибіайшаны түсінем. Бұл оның жұмысы. Ал мына Рустемге не жоқ? Өсетін жасы бар, басы бар. Әлден айтаққа түскіш шолақбелсенді болса, ертең не болмақ? Жас адамда ұят болуы керек қой!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 




Көрілген: 1741    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31