Ел жаңалықтары

Шымкенттің проблемаларын енді жас депутаттар шешетін болды

  • Шымкенттің проблемаларын енді жас депутаттар шешетін болды

    Шымкенттің проблемаларын енді жас депутаттар шешетін болды


Шымкентте жастар мәслиxаты құрылатын болды. Бұл туралы бүгін Шымкент  қаласы  оғамдық кеңесінің отырысында қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев ұсынды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.


 

Шымкенттің проблемаларын енді жас депутаттар шешетін болды

Шымкент. Көрнекі фото: ru.sputniknews.kz



Бұл ұсынысты қала әкімі қолдап, шаhардағы әрбір төртінші тұрғын жастар санатына жататынын айтып, жастар мәслихатының құрылуы уақыт талабы екенін жеткізді.


Жиында сөз алған қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев жастар мәслиxатына депутат атануға кімдер үміткер бола алатынын атап өтті.


Тарқатып айтқанда, Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары өз кандидатурасын ұсына алады. Жалпы мәслихат 29 жас депутаттан құралып, өкілеттілігі екі жылға созылады. 


«Әрбір сайлауға қатысушы кандидат қоғаммен етене қарым-қатынас жасап, тұрғындардың қалай өмір сүріп жатқандығынан хабардар болуы шарт.

Жастар мәселесінде шешілмей жатқан түйіндерді анықтап, оларды шешу жолдарымен ұсынатын сайлауалды бағдарламалары да болуы қажет.


Себебі олар билік басында қала жастарына тұрғын үй беру, жұмыссыздық деңгейін төмендету жалпы жастарды әлеуметтендіру мәселелеріне қатысты күрделі шешім қабылдайтын болады», - деді басқарма басшысы.






Көрілген: 503    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 22:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30