Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ШЫҰ-ның Астана саммиті сөз болды

02 маусым 2011, 12:38

Кеше ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиевтің қаты­суымен Бейжің-Астана-Мәскеу бейне баспасөз мәслихаты өтті. Онда Бас хатшы 15 маусымда өтетін ШЫҰ саммитіне дайын­дық барысы, сондай-ақ ұйым­ның әлемдік және өңірлік қа­уіп­сіздік тұрғысындағы рөлін арт­ты­ру­дағы бағыттарын сөз етті.
Астанадағы ШЫҰ саммиті табысты өтетініне сенім артқан М.Иманәлиев, онда ұйымның ары қарай дамуына ықпал ететін маңызды құжат қабылданатынын атап өтті. Айта кетерлігі, бұдан бұрын, яғни Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VІ жиынынан кейінгі брифингте ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Астанада өтетін ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитінің қарауына 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы күрес стратегиясының жобасы енгізілетінін мәлімдеген болатын. «Атап айтқанда, бұл құжатты биылғы 15 маусымда Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының саммитінде бекітуге ұсыну жоспарланып отыр», –деді М. Тәжин. «Біз үшін есірткі қылмысымен және оның транзитімен күрес мәселелері стратегиялық маңызға ие. Сондықтан ШЫҰ саммитінде қабылданатын басты құжаттың бірі – осы есірткіге қарсы күрес стратегиясы болып табылады», – деп атап өтті ол.