Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ШЫҰ Саммитіне арналған жинақтар жарық көрді

14 маусым 2011, 11:22

Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық Саммитіне орай, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы – ынтымақтастық пен қауіпсіздік жолындағы 10 жыл» жинағы және «Қазақстан: ел мен жер» атты фотоальбом жарық көрді.
Орыс және ағылшын тілдерінде шы­ға­рыл­ған «Шанхай ынтымақтастық ұйымы – ынтымақтастық пен қауіпсіздік жолын­да­ғы 10 жыл» жинағында ұйым құрылғалы бері қабылданған негізгі құжаттардың топтамасы берілген. Оның ішінде ШЫҰ құру жөніндегі декларация, Шанхай ын­ты­мақ­тастық ұйымының хартиясы, ұйымға мүше елдердің ұзақмерзімді достығы туралы келісім, ШЫҰ-ның экстремизм, се­паратизм мен терроризм туралы кон­вен­циясы және тағы басқа маңызды құжаттар, сондай-ақ ұйымның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басты ор­гандар мен үкіметтік емес ұйымдар туралы ақпарат бар. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мының 10 жылдығына арналған «Қазақ­стан: ел мен жер» атты фотоальбом болса, қазақ, орыс, қытай және ағылшын тіл­де­рін­де жарық көріп отыр. Бұл еңбекте қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасына, әлеу­меттік-экономикалық, спорттық және ұлт­тық өміріне арналған көркемсуреттер, сон­дай-ақ еліміздің бай табиғаты жайында сыр шертетін танымдық фотоматериалдар жинақталған.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының ме­рейтойлық Саммитіне арналып шыға­рыл­ған осы жинақтар іс-шараға қатысушы бар­лық делегаттарға таратылатын бо­ла­ды.