Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады

11 сәуір 2022, 22:20

«Қазгидромет» РМК 12 сәуір күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Алматы облысының түнде батысында және оңтүстігінде, күндіз шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және шығысында екпіні 18-23 м/с құрайды.

 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды.

 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болжанады.

 

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

Түркістан қаласында түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

 

Нұр-Сұлтан қаласында 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 12 сәуірде 23 м/с артады.

 

Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде өңірдің орталығында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

 

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с артады.

 

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай болжанады. Шығыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

 

Күндіз Павлодар облысының орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артатыны күтіледі.

 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал.

 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады. Кей уақытта екпіні 25 м/с күшейеді.

 

Күндіз 12 сәуірде, түнде 13, 14 сәуірде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 12-14 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай болжанады. 12 сәуірде желдің екпіні 25 м/с артатыны күтіледі.