Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Синоптиктер 26-28 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады

25 қазан 2021, 15:47

Синоптиктер 26-28 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады.

 «Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін», делінген болжамда.

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылы, солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0-5 аралығында төмендейді.

Оңтүстікке келсек, ауа температурасы 10-нан 5-13-ке дейін, республиканың солтүстігінде 2-7 жылудан 2...7 аязға дейін, күндіз 2-15 пен 0-5 жылу аралығында.

Қазақстанның орталығында түнде -3...+5-тен -7...+ 3 дейін төмендейді, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін жылу, шығыста -3...+5-дан -1...+ 7 дейін төмендейді, күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады.

Елдің оңтүстігінде -1...+7-ден -3...+5 дейін сәл төмендей түседіалады, күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін жылу. Республиканың оңтүстік-шығысында -1...+7-ден -3...+6-ға дейін ауытқиды, күндіз 12-20-дан 7-15-ке дейін жылы болады.