Ел жаңалықтары

Синоптиктер астананың қысқы ауа райына болжам жасады

  • Синоптиктер астананың қысқы ауа райына болжам жасады

    Синоптиктер астананың қысқы ауа райына болжам жасады

Елордада қыста ауа температурасы климаттық норма шегінде болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген брифинг барысында айтты. 
Мамандар алдағы күндерде 25 сантиметрге дейін қар жауады деп болжайды. 

«Қазгидрометтің» болжамдық мәліметтеріне сәйкес, елорда аумағында қыс климаттық норма шегінде, күндіз-12-15, кей жерлерде-22, түнде-15-22, кей ерлерде-32-ге дейін аяз, қар жамылғысы 25 см-ге дейін қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деді ол. 
Алдағы қысқы кезеңге дайындық мақсатында Төтенше жағдайлар комиссиясының 2 отырысы өтті, онда қала қызметтерінің қысқы кезеңді өтуге дайындығы мәселелері қаралып, нәтижесінде уәкілетті органдарға және қала ұйымдарына тиісті тапсырмалар берілді.Брифингте Ратбек Демеуберген Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қанша техника жұмысқа дайын екенін айтты. Оның айтуынша, қаладағы қар басатын учаскелер картасы даярланып, қар полигондары тісті құралдармен жабдықталған.  

Бүгінгі күні қысқы кезеңдегі ТЖ-ға жедел ден қою үшін күштер мен құралдар тобы құрылды. Құрамында ТЖМ, ТЖД, ПД, Ұлттық ұлан, Қазавиақұтқару, Қазавтожол, АМО, ЖАО, жол қызметтерінің  жеке құрамның 704 адамы, 462 бірлік техникасы бар. Қажетті күштер мен құралдарды бекіте отырып, қаланың қар басатын 16 учаскесі бар ахуалдық карта әзірленді. 7 қар полигоны жабдықталған. Қала автожолдарының қар басатын учаскелерінде ұзындығы 2,5 км, 1250 дана қар ұстайтын қалқандар орнатылды, – деп атап өтті басқарма басшысы.  
Елордада қысқы кезеңдегі ТЖ жағдайында зардап шеккендер үшін 1800 төсек-орынға 13 уақытша орналастыру пункті бар. Қаланың коммуналдық қызметтері 154 тонна мұзға қарсы реагент, 3,5 мың куб м астам құм және 3 мың тоннадан астам тұз қоспасын дайындады. Сондай-ақ 10 тонна көлемінде жанар-жағармай материалдарының қоры құрылды.

Аяжан МАДИБЕКОВА




Көрілген: 242    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 18:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30