Ел жаңалықтары

Синоптиктер ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жариялады

  • Синоптиктер ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жариялады

    Синоптиктер ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жариялады

Синоптиктердің айтуынша, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласында желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жетеді.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с.

25-26 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі.

26-27 қарашада облыстың солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 25 қарашада, тәулік бойы 26-27 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады солтүстікке ауысады, облыстың шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстік, батысында шаңды дауыл болады. Түнде таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, таулы аудандарда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Көктайғақ болады.

aikyn.kz




Көрілген: 277    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 14:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30