Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

28 сәуір 2022, 22:07

«Қазгидромет» синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады.
 
 Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндізгі екпіні 25 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандарда шығыстан соққан жел екпіні 15-20, түнде 25 м/с құрайды, Түркістан облысында түнде және таңертең шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м /с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды деп күтіледі.

BAQ.KZ