Ел жаңалықтары

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

  • Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

    Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

25-27 қыркүйек күндері еліміздің бірқатар облысында қатты жел соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

25-27 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күші 15-20 м/с, 27 қыркүйекте түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.

Тараз қаласында 27 қыркүйекте түнде және таңертең 25 м/с жел күтіледі.

25 қыркүйекте Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде және батысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Облыстың батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман күтіледі.

25 қыркүйекте Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Ақтөбе қаласында 25 қыркүйекте соғатын жел екпіні 16 м/с болмақ.

25 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарда, тау бөктерінде 1-3 °С үсік сақталады. Талдықорған қаласында 25 қыркүйек күні түнде 1-3 °С үсік күтіледі.

25 қыркүйекте Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с болмақ.

aikyn.kz




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 23:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31