Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады

24 қаңтар 2022, 23:59

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде қатты тұман болатынын ескертті.

 

25-27 қаңтар аралығында Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде қалың тұман болады деп күтіледі.

 

Сонымен қатар, синоптиктер Қызылордада – 25 қаңтарда, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда тұман түседі деп болжайды.

 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Түнде Атырау облысының солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі.

 

 

aikyn.kz