Синоптиктер екі облыста ескерту жариялады

20 қараша 2018, 18:49

Синоптиктер Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 21 қараша күні Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, тұман болады. Күндіз оңтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғатыны күтіледі.

Сондай-ақ 21 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басады, көктайғақ сақталады.