Ел жаңалықтары

Синоптиктер қауіпті құбылыс болатынын ескертті: демалысқа ауа райы болжамы

  • Синоптиктер қауіпті құбылыс болатынын ескертті: демалысқа ауа райы болжамы

    Синоптиктер қауіпті құбылыс болатынын ескертті: демалысқа ауа райы болжамы

Қазгидромет 30 қараша – 2 желтоқсан күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады, республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады


НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынды, қалған аймақтарда тұман түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Қазгидрометтің ақпаратынша, алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және ауа райы жауын-шашынсыз болады.


"Ауа райының қауіпті құбылыстарына тоқталсақ, бұрынғыдай түнгі және таңғы уақытта жолдың көріну мүмкіндігі 50...500 метрге дейін нашарлайды, тұман түседі", - деп ескертті синоптиктер.

Тек батыста және дүйсенбі күні оңтүстікте атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ күтіледі.


Ірі қалалардағы ауа райы


Нұр-Сұлтан


30 қарашада күн ашық. Түнде -18℃, күндіз -12℃.

1 желтоқсанда күн ашық. Түнде -17℃, күндіз -8℃.

2 желтоқсанда да ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -12℃, күндіз -8℃.


Алматы


30 қарашада күн ашық. Түнде -8℃, күндіз -2℃.

1 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -6℃, күндіз +1℃.

2 желтоқсанда күн бұлтты. Түнде -2℃, күндіз +5℃.


Шымкент


30 қарашада күн ашық. Түнде -2℃, күндіз +9℃.

1 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -2℃, күндіз +12℃.

2 желтоқсанда күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +3℃, күндіз +13℃.




Көрілген: 888    Пікірлер: 0

жұма, 29.11.2019, 23:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31