Синоптиктер: Күн 42 градусқа дейін ысиды

06 маусым 2022, 14:01

Қазгидромет еліміз бойынша 2022 жылдың 7-9 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктер болжауынша солтүстік-батыс циклон әсіренен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

“Күндізгі ауа температура солтүстікте 23-30 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде 33 жылу, орталықта 27-35 градусқа дейін, шығыста 28-33 градусқа дейін, оңтүстікте 36 градус жылу, оңтүстік өңірлерде 27-35 градус, облыстың оңтүстік-батысында 37-42 градус жылу болады деп күтілуде. Тек республиканың шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде үсік жүреді”, – делінген ауа райы болжамында.