Синоптиктер сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгирдомет» РМК сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктер сәуірде күн ұзарып, мамыражай күндер көбейтінін болжайды.

«Қазақстанның солтүстігінде сәуір айының бірінші онкүндігінде орташа тәуліктік ауа температурасының 0°, ал еліміздің оңтүстігінде +10°С тұрақты оң мәндерге ауысуы байқалады. Сәуір айында еліміздің басым бөлігінде қар ериді. Бір ай ішінде республика аумағында барикалық түзілімдердің ауысуына байланысты жылы, ашық күндер де, салқын, бұлтты күндер де болады», - делінген хабарламада.

Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан ойса жеткен циклондарға байланысты жекелеген күндері жаңбыр, екпінді жел, ҚР оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл сипатында тұрасыз ауа райы байқалатын болады.

«Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында еліміздің батысында және оңтүстік жартысында (оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр ылғалды қарға ауысуы мүмкін), онкүндіктің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанады. Оңтүстік аймақтарда түнгі сағаттарда 1-6°С-қа дейін үсікжүреді деп күтіледі», - деп хабарлады «Қазгирдомет» РМК.

Ауа температурасының біртіндеп жоғарылайтыныдығы да болжанады:

- ҚР батысында түнде 0,+10°С-тан +7+17°С-қа дейін, күндіз +7+15°С-тан +17+28°С-қа дейін;

- еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -6+5°С-тан +5+12°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-тан +20+28°С-қа дейін;

- еліміздің шығысында түнде -7-20°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +8+13°С-қа дейін.

Республиканың солтүстігінде, орталығында барикалық түзілімдердің жиі өзгеруімен ауа температурасының ауытқуы болжанады:

- түнде -5-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан +10+18°С-қа дейін.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының енуімен температуралық фон жоғарылауы мүмкін:

- еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13°С, күндіз +15+25°С-қа дейін;

- оңтүстік өңірлерде және ҚР батысында түнде +10+17°С, күндіз +25 +35°С-қа дейін.

Алайда, суық ауа райының оралуы жоққа шығарылмайды. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында Ресей аумағынан суық ауа массаларының енуі кезінде термометр бағандары түнде -2-7°С-қа дейін, күндіз +6+13°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде және еліміздің батысында ауа температурасының түнде -2+7°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Azattyq Rýhy.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста