Ел жаңалықтары

Синоптиктердің болжамы: Қазақстанда наурыз айы жаңбырлы болады

  • Синоптиктердің болжамы: Қазақстанда наурыз айы жаңбырлы болады

    Синоптиктердің болжамы: Қазақстанда наурыз айы жаңбырлы болады

Қазақстан Республикасы бойынша 2021 жылғы наурыз айына консультативтік ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді.

 
"Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасының жоғары фоны күтіледі, республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1° жоғары, республиканың солтүстік-батыс бөлігінде ғана норма шамасында болжанады", - дейді синоптиктер. 

Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуымен ауа температурасының күрт өзгеруі болжанады. Температура контрасты 10° және одан да көп болуы мүмкін.

"Айдың басында белсенді циклондардың әсерінен республика бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады: жауын-шашын, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жаууы мүмкін, жел күшейеді (солтүстік жартысында бұрқасынмен), тұман және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Елдің оңтүстік жартысында жауын - шашын көбінесе жаңбыр түрінде, солтүстік жартысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде болжанады.

Бірінші онкүндік бойы Қазақстан аумағы бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады: солтүстік жартысында күндіз әлсіз оң таңбалыдан теріс таңбалы мәндерге дейін, оңтүстік жартысында +10+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін, елдің батысы мен солтүстік-батысында -3-10°С-тан -1+6°С-қа дейін. 
Бірінші және екінші онкүндіктің жекелеген күндері Скандинавия мен Сібір аудандарынан суық ауа массаларының әсерінен түнгі сағаттарда термометр бағаналары еліміздің солтүстік жартысында -13-25°С дейін, оңтүстік жартысында -5-15°С дейін төмендеуі күтіледі", - деп хабарлайды Қазгидромет. 

Айдың екінші жартысында ҚР-ның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жылу толқындарының әсерінен күндізгі ауа температурасы жекелеген күндері +3+10°С дейін; елдің оңтүстігі мен батысында +10+15°С дейін, үшінші онкүндікте +15+25°С дейін жоғарылайды. 

Жауын-шашын мөлшері нормадан көп, тек елдің оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында норма шамасында (ҚР басым бөлігінде норма: 10-25 мм, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында 55-103 мм дейін, шығыста 8-30 мм) болжанады.




Көрілген: 341    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 14:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30