Ел жаңалықтары

Сирия жөніндегі Астана процесі аясында қандай мәселелер талқыланады

  • Сирия жөніндегі Астана процесі аясында қандай мәселелер талқыланады

    Сирия жөніндегі Астана процесі аясында қандай мәселелер талқыланады

ҚР Сыртқы істер министрлігі 2021 жылғы 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Сирия жөніндегі Астана процесіне қатысушылардың қандай мәселелерді талқылайтынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және сириялық оппозиция қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдерінің келуі күтіледі.

«Тараптар Сириядағы ахуалды, Астана процесі аясында бұрын қол жеткізген келісімдерді орындау мақсатында деэскалация аймақтарындағы тұрақтылықты қолдау міндеттерін қарастырады. Сондай-ақ, кепілгер мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иранның, сондай-ақ БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қатысуымен Мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы жоспарлануда», - делінген хабарламада.
БҰҰ аясындағы келіссөздер процесіне серпін беру мақсатында тараптар Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жоспарларын талқылайды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы екіжақты және үшжақты консультациялар екі күнге созылады. Қорытынды мәлімдеменің мәтіні ресми ақпарат көздерінде жарияланады. Коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шектеулерді назарға ала отырып, пленарлық отырыстың өтуі жоспарланбаған.




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 23:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31