Ел жаңалықтары

Сириядан оралған 14 қазақстандық азамат терроризмге қатысты айыпталды

  • Сириядан оралған 14 қазақстандық азамат терроризмге қатысты айыпталды

    Сириядан оралған 14 қазақстандық азамат терроризмге қатысты айыпталды

Қазақстанға Сириядан қайтып оралған 14 отандасымыз терроризм бойынша айыпталуда. Олар сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан Қазақстанның 595 азаматын қайтарды, оның арасында төрт жүзден астамы – балалар.


«Қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел елімізде тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша сотталып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды», - дейді ҰҚК-дағылар.


Тергеу нұсқасы бойынша, Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.


Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.


ҰҚК мәліметінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына жіберілді.




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 13:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30