Ел жаңалықтары

СҚО ауруханасында бас дәрігердің жұмыстан босатылуына байланысты дау туды

  • СҚО ауруханасында бас дәрігердің жұмыстан босатылуына байланысты дау туды

    СҚО ауруханасында бас дәрігердің жұмыстан босатылуына байланысты дау туды

Бас дәрігер ауруханада екі жыл бойы есепші жасаған миллиондаған ұрлықтың бетін ашты, алайда өзі оның қолына түсті. Ол мекемедегі жағдайларға дұрыс бақылау жасамады деп айыпталып, жұмыстан шығарылды. Аурухананың медициналық қызметкерлері дәрігерді қызметіне қайта оралуын талап етіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
СҚО ауруханасында бас дәрігердің жұмыстан босатылуына байланысты дау туды

Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы Александр Құдайбергенов есімді дәрігер мекемеде қомақты қаржы жымқырылып келгені туралы хабарлағаннан кейін аудандық аурухананың меңгерушісі қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Ауруханадағы есепшінің екі жылдан бері бюджет қаражатын күйеуінің картасына аударғаны анықталды. Жалпы шығын 20 миллион теңгені құрады деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бұл фактіні бірінші болып Александр Құдайбергенов ашты, ол уәкілетті органдарға жағдайды хабарлады. Алайда, бұл іс дәрігерге қарсы қойылды: ол өзінің қарамағындағы мекемеде болған оқиғаларды дұрыс бақыламады деп айыпталды.

Нәтижесінде есепші жауапқа тартылып, бас дәрігер қызметінен босатылды.

Арнаның хабарлауынша, хирургтың жұмыстан босатылуы жанжал тудырды: аурухананың барлық медициналық қызметкерлері оны қорғап, қызметіне қайта қояды талап етіп отыр. Бұл туралы петицияға 150 адам қол қойды.

 




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.01.2020, 12:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29