Ел жаңалықтары

СҚО-да құс фабрикалары өзара келісіп, жұмыртқа бағасын қымбаттатқан

  • СҚО-да құс фабрикалары өзара келісіп, жұмыртқа бағасын қымбаттатқан

    СҚО-да құс фабрикалары өзара келісіп, жұмыртқа бағасын қымбаттатқан

Солтүстік Қазақстанда құс фабрикалары өзара келісіп, жұмыртқа бағасын қымбаттатып жіберген. Бұл дерек Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті жүргізген мониторинг барысында анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

"Якорь", "Есіл", "Адель құс" және "Алекри" тәрізді өңірдегі ең ірі құс фабрикалары бәсекелестік талаптарын бұзған.

 
"Департамент бұл кәсіпорындарға ескерту хат жіберді. Оның нәтижесі бойынша құс фабрикалары бізге жұмыртқаның көтерме бағасын түсіргендіктері жайында жауап берді. Яғни, 1-санаттағы жұмыртқаның бағасын 5-10 теңгеге арзандады", - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департамент басшысының міндетін атқарушы Наталья Шаяхметова.

Ал Маңғыстауда жұмыртқаның шекті бағасы бекітілді. Бұдан былай 10 данасы - 453 теңге тұрады. Ал, одан қымбат сатқан кәсіпкерге 300 мың теңге айыппұл салынады. Егер жағдай қайталанса, айыппұл көлемі 2 есе өседі. Шекті баға 3 ай қатарынан сақталады.

Еске сала кетсек, жыл басында облыста жұмыртқа тапшы болып, бағасы 540 теңгеге дейін қымбаттады.




Көрілген: 237    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 16:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31