Ел жаңалықтары

Смартфонға телмірген отандастарымыздың сауаты төмендеп кетті

  • Смартфонға телмірген отандастарымыздың сауаты төмендеп кетті

    Смартфонға телмірген отандастарымыздың сауаты төмендеп кетті

Сауаттылық бойынша қай рейтингті қарамаңыз, Қазақстан соңынан санасаң көш бастап тұрады. Апта басында бас мұғалім Асхат Аймағамбетов тағы бір зерттеудің қорытындысын ұсынды. Нәтиже, қуанарлық емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеп хабарлайды.
     "PISA зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қазақстан оқушылары оқу сауаттылығы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдеріндегі өз қатарластарынан едәуір артта қалып отыр. Сонымен қатар PIAAC халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша еліміздегі 16-дан бастап 55 жасқа дейінгі азаматтардың да оқу сауаттылығы нашар болып шықты", - деп жазды Facebook-те білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов.

Арна тілшілері де арнайы эксперимент жүргізді. Екі қыздың жас шамасы 17-18 де. Екеуі де кітап оқиды. Бірақ  біреуі сынақтан сүрінбей өтсе, екіншісі кіріспей жатып, кідіріп қалды. Бұл ретте қыздарға бір сұрақ, бір тапсырма берілген .

 
"Шыны керек,  қазақша емес, орысша кітаптар оқимын. Маған орысша кітаптарды оқығанда, оны түсінуге оңайырақ", - деді студент Зере Нұрымжанова.

Сынақтан сүрінуінің себебі осы. Қазақша сөйлегенімен, орысша ойлайды.

"Адамдар бір тілде ойлай алмайды қазір. Негізі тіл бөлінеді. Ойлау тілі мен сөйлеу тілі деп. Бірақ адамдарда қазір таза бір тілде ойлап, сөйлейтін адам аз. Ұзақ уақыт тілдік үстемдіктің кесірі сол себепті түсінбейді", - деді №51 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжан.

Сауатсыздыққа әкелетін тағы бір мәселе - кітаптардың сапасы.

"Балам, мына кітапты оқымай-ақ қойшы деп айтам. Одан да басқа нәрсемен айналыс деп айтам. Өзім қайтарам. Себебі бүгінгі мектеп жастағы оқулықтағы, кітаптарды кім қадағалайды, бәрі қате...", - деді қоғам белсендісі Ерсейіт Әлімов.

Баланың ұмтылысын қаштыратын бірден-бір себеп - осы. Оны
бас мұғалімнен бастап, ата-ана қостап, оқушы да, арнайы  орталықтар да талай айтып жүр.

"Психолог-лингвистермен тығыз жұмыс жасап, олардың зейініне, олардың қабылдауына лайықталып берілетін болады. Оның ішінде тіпті сөйлемдердің күрделі болып кетпеуі де қадағаланып отырады", - дейді "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Абылайхан Қалназаров.

Тек нәтижесі шамалы. Дегенмен бұл мүлдем дені дұрыс кітап жоқ дегенді білдірмейді. Бар. Бірақ соның өзін оқымайды. Әсіресе, үлкендер кітаптың бетін ашпайды. Ал бала, сіздің айтқаныңызды емес, істегеніңізді қайталайды.

"Біз балаларды кітап оқымайды деп кінәлаймыз. Бірақ өзіміз кітап оқимыз ба деген сұрақты кім өзіне қоя алады? Бізде тәрбие бір-ақ жолмен беріледі. Сиыр су ішсе, бұзау мұза жалайды", - деді №51 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжан.

"Балаларымызға кітап оқы, оқы деп мен өзім ешқандай кітап оқымай, телефонда кино қарап отырсам, ол ақымақтық болады да. Ол мысалы былай ғой, мен араққа  тойып аламын да, ішпеңдер деп айтқан ақылым сияқты ғой", - деді қоғам белсендісі Ерсейіт Әлімов.

Оқып, оқығанынын көңіліне ықыласпен тоқып жүрген талапты қыз-жігіттер де бар. Мәселен, алматылық Бекзада Байдалы отандық шығармаларды былай тұрсын, шетелдік романдарды да шетінен кеміріп жатыр. Өзі небары 5 сыныпта оқиды.  
"Анам кішкентай кезімнен кітап оқып беретін. Ал өзімнің кітапқа талпынысым бірінші сыныпта басталды. "Үлкен әдептілік әлемі" деген кітап болатын. Соны оқи беретінмін қайта-қайта", - деді Бекзада Байдалы.

Оның анасының айтуынша, кітапқа деген махаббатының кілті -  баланы әуел бастан еліктіру.

"Кішкентай күніненде түрлі түсті суретті қызықты, қысқа кітаптардан бастау керек. Баланы жалықтырып алмайтындай. Әрі қарай өзі алып кетеді", - деді Бекзаданың анасы Ғазиза Құдайберген.




Көрілген: 643    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 12:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31