Ел жаңалықтары

"Соғыстан кейін үнемі аш болдым": Назарбаев балалық шағының қиын кезеңдері жайлы айтты

  • "Соғыстан кейін үнемі аш болдым": Назарбаев балалық шағының қиын кезеңдері жайлы айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев режиссер Оливер Стоун түсірген "Qazaq: Алтын адамның тарихы" деректі фильмінде өзінің балалық шағы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен әрқашан барлығы неден басталғаны туралы ойланамын. Мен білімі жоқ шаруалардың баласымын. Менің атам да көшпенді болған, бірақ олар орыстардың көпшілігі қоныстанған Қазақстанның оңтүстігінде тұрғандықтан, олармен етене араласып, егіншілік пен бақша егуді үйренген", - дейді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті әкесі мен шешесі колхозда жұмыс істегенін айтып өтеді. Анасы егіншілік басында қант қызылшасы алқабында еңбек еткен.

"Ол кезде барлығы қолдан жасалынатын еді, біз барлық балалар анамызға көмектесу үшін баратынбыз. Ол кезді ұмыту мүмкін емес. Қатты ыстық күннің астында тас пен құмнан тұратын алқапта отыру дегеніміз. Кез келген жерден ыстық соғады. Егер колхозда егін көп шықса, қырманда тер төккендерге бірнеше қап бидай немесе басқа өнім беріледі", - деп ескеле алады ол.

Нұрсұлтан Әбішұлы соғыс жылдарынан кейін үнемі қарны ашып жүретін уақыт жайлы тоқталып өтеді.

"Қарным ашқан кездерді ешқашан ұмытпаймын. Әлі күнге дейін есімде соғыстан кейін үнемі қарным ашып жүретін. Мектепке барарда менің ағам сөмкеме екі алма салып жіберетін. Бұл менің мектептегі түскі асым еді. Біз төрт ағайынды едік – үш ағайынды және бір әпкеміз. Сол уақытта қалай өмір сүргенімізді қазір түсіне алмаймын. Барлығының жағдайы сондай еді. Кеңес Одағының барлық колхозшыларының", - дейді Елбасы.

Назарбаев өзінің жақсы оқығанын атап өтеді. Бұл туралы оған анасы ылғи айтып отырған.

"Әкем маған: "Жұмыс істе. Бұл кітаптар саған не береді? Оданша барып сиырларды бағайық" дейтін. Ал мен оқуды жақсы көрдім. Мектепті медальмен бітірдім, бірақ оқуға бармадым. Мен ақша тауып, отбасыма көмектескім келді. Осылайша мен металлург болдым", - дейді алғашқы президент.

Назарбаев кейіннен Теміртаудағы зауытта жұмыс істеу үшін Украинада металлург болуды үйренген.

"Зауытты іске қосып, жұмыс істей бастадық. Мен әрі жас әрі мықты едім. Бұл қазақ даласынан келген жігіт үшін ауыр жұмыс еді. Судай ағып жатқан металды көру біз үшін қорқынышты көрінетін. Температурасы 1500 градус тең болады, ыстық, газ шығады. Ал мен халатымды киіп күрек ұстап тұрамын. Сөйтіп, үш жыл үздіксіз еңбек еттім. Мен үздік болып, өзімді көрсетуге тырыстым. Содан кейін партияға қабылдады", - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 17:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31