Ел жаңалықтары

«Соғыстан кейінгідей»: Жигули Дайрабаев кейбір ауылдардағы жол сапасын сынға алды

  • «Соғыстан кейінгідей»: Жигули Дайрабаев кейбір ауылдардағы жол сапасын сынға алды

    «Соғыстан кейінгідей»: Жигули Дайрабаев кейбір ауылдардағы жол сапасын сынға алды

«Қазақстанның фермерлері қауымдастығының» басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев Сенат отырысында шалғай ауылдардағы жолдың жай-күйі нашар екенін айтып, жол проблемасын шешу үшін шұғыл шара қабылдау керектігін жеткізді.

«Жақында ауыл жолдарының мүлдем жарамсыздығына қарамастан автокөлікпен 10 мың шақырымнан астам жол жүріп, еліміздің сегіз аймағын аралап, 70-тен астам шаруашылыққа бардым. Бұл сапардағы мақсатым &ndash фермерлерді аралап, жұмыс барысын көріп, мұң-мұқтажын білу. Жер-жердегі атқарушы билікті мақтау немесе даттау туралы ой болған жоқ. Мақсат - шаруалардың жай-күйіне назар аударту. Жол инфрақұрылымын дамытпаса, маңдай терін төгіп еңбек еткен фермерлер де, тұтынушылар да зиян шегеді. Атқарушы билік өкілдері жолдың жағдайын көзімен көру үшін сол жолдармен өздері жүріп өткені жөн болар еді. Жол проблемасын шешу үшін шұғыл шара қабылдау керек. Тіпті «Ауыл жолдары» деген нысаналы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, 3-5 жыл ішінде ауылдық жерлерді жолмен қамту қажет», - деді қауымдастық төрағасы.
Жигули Дайрабаевтың айтуынша, әсіресе, еліміздің солтүстік өңірі мен Ақтөбе облысындағы ауыл жолдарының сапасы адам шошырлықтай.  

«Жол болмаса, ондай ауылдарда адам да тұрақтамайды. Көзбен көрген ауылдардың іші тура соғыстан кейінгідей. Әсіресе, солтүстік өңірлер мен Ақтөбе облысындағы ауылдарда қатты байқалады. Мұндай мысал жетерлік. Осындай ауылдағы жастарды сосын қалай ұстап қалады?», - деп қынжылды Жигули Дайрабаев.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30