Солтүстік Қазақстан облысында кезекті қаржы пирамидасының жолы кесілді

28 шілде 2022, 21:11

Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "HERMES LTD" қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қылмыстық іс бойынша үш жәбірленуші танылды, олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады.

“2019-2022 жылдар аралығында "HERMES LTD" жобалары аясындағы инвестициялық депозиттер бойынша қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту негізінде халық қаражатын тарту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылды. Осылайша олар қаржы пирамидасына активтерді тартуды қамтамасыз етті”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда өзін аналитикалық компания ретінде көрсеткен қаржы пирамидасы анықталған еді.