Ел жаңалықтары

Солтүстік Қазақстанда 76 қайыршы жауапкершілікке тартылды

  • Солтүстік Қазақстанда 76 қайыршы жауапкершілікке тартылды

    Солтүстік Қазақстанда 76 қайыршы жауапкершілікке тартылды

Өңірде «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстанда көшеде алақан жайып жүрген 76 қайыршы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысы 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады. Еліміздің заңнамасы бойынша мұндай әрекетке тыйым салынған, деп хабарайды Azattyq Rýhy.

СҚО полицейлері қарашаның 22-сі мен желтоқсанның 1-і аралығында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты – адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу. Адамдарды сатумен айналысуы және сексуалдық пайдалануы ықтимал деген объектілер, сауналар, көңіл-көтеру орындары, фермерлік шаруашылықтар тәртіп сақшыларының ерекше назарында.

Петропавлдық сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісі анықталды, тағы бір әкімшісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен, жеңгетайлыққа үй-жайлар ұсынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жедел профилактикалық шара барысында полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 76 хаттама толтырды.

«Тиісу ұғымына қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру кіретінін еске саламыз. Қайыршылық құқық бұзушылық болып табылады және 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу түріндегі жазаны қарастырады», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.

Мамандардың айтуынша көшеде қайыр тілеушілердің барлығы бірдей көмекке мұқтаж емес. Олардың қатарында еңбекке жарамды болса да, осындай өмір салтын әдетке айналдырғандар бар.




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 14:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31