Ел жаңалықтары

Солтүстікте жабайы үйректер құс тұмауынан қырылып жатыр

  • Солтүстікте жабайы үйректер құс тұмауынан қырылып жатыр

    Солтүстікте жабайы үйректер құс тұмауынан қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстанда жабайы қанаттылар құс тұмауынан қырылып жатыр. Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылындағы көл жағасынан 102 үйрек пен 2 шағаланың өлексесі табылды. Алынған сараптама олардың құс тұмауынан өлгенін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 Облыстық вевтринария басқармасының мәліметінше, елдімекенде әзірге карантиндік шаралар енгізілмейді. Өйткені 104 бас көп емес. Қазір ауылдағы үй құстарына вакцина салынып жатыр. 

«Құстардың өлексесі маусымның 6-сы табылған. Сараптамалық материалдар алынды. 10-ы күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық референттік орталықтан сараптама нәтижесі келді. Саумалкөл көлінің маңындағы Саумалкөл және Краснагорка ауылдарында вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр. 5711 қанаттыға епке салынды. Жалпы бүгінгі күнге дейін 445,9 мың доза вакцина пайдаланылды. Өңірде мал-құстардың жұқпалы ауруларына байланысты жағдай тұрақты. Дер кезінде екпе салынып жатыр», - дейді облыстық Ветеринария басқармасының бас маманы Нариман  Тасболатов. 
Жыл соңына дейін 1,3 млн-ға жуық құсқа вакцина салу жоспарланған. Өткен жылы өңірде құс тұмауы жаппай таралған еді. Салдарынан 9 мыңға жуық қанатты қырылып қалған. Оның 800 мыңнан астамы құс фабрикаларына тиесілі болса, қалғаны тұрғындардың жеке шаруашылығында тіркелген. Иелеріне мемлекет есебінен берілген өтемақы мен өлекселерді жоюға кеткен сома 960 млн теңгеден асты. Инфекиця өршіп, бірнеше елдімекен карантинге жабылған болатын. Мамандар биыл өткен жылғы жағдайдың қайталанбайтынына сенімді. Себебі екпе алған құстардың ауруға шалдығуы өте сирек тіркеледі. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 16:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31