«Солтүстікте – қар, оңтүстікте – жаңбыр»: көктемнің алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

28 ақпан 2022, 11:30

«Қазгидромет» РМК көктемнің алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Көктемнің алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Фронтальдық бөліктердің өтуімен, солтүстік жартыда негізінен қар түрінде жауын-шашын, төменгі боран мен желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай мен жаңбыр жауады.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады. Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 2...10 аязға дейін, күндіз 2...15-ке дейін жылу; республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде термометр бағандары 15...20 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон 0...10 аяз; елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 0...8 аяз, күндіз 5...15 жылу болады», - делінген синоптиктер болжамында.