Ел жаңалықтары

Сот жүйесінің халықаралық стандарттарға сай келмейтін заңнамасын қайта қарауға мүмкіндік береді – саясаттанушы Тоқаевтың Жарлығы туралы

  • Сот жүйесінің халықаралық стандарттарға сай келмейтін заңнамасын қайта қарауға мүмкіндік береді – саясаттанушы Тоқаевтың Жарлығы туралы

    Сот жүйесінің халықаралық стандарттарға сай келмейтін заңнамасын қайта қарауға мүмкіндік береді – саясаттанушы Тоқаевтың Жарлығы туралы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Адам құқықтары саласындағы шаралар қабылдау мақсатындағы Жарлығы жарияланды. Онда еліміздегі адам құқықтарын қорғауды одан әрі жетілдіру және дамыту мәселелері қаралған.

Саясаттанушы, Ұлттық Кеңестің мүшесі Марат Башимов пікірінше, Президенттің мұндай шешімі адам құқықтары мен азаматтарды қорғау тәсілдерін толыққанды және тиімді түрде өзгертуге түрткі болмақ.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтың қорғалу құқығына кепілдік береді, бірақ көбіне азамат аудандық соттан бастап Жоғарғы Сотқа дейінгі барлық инстанциялардан өтіп, әділеттілік таба алмай, халықаралық квазисот органдарына жүгінуге мәжбүр болады. Бұл ретте, соттың азаматтың пайдасына шығарылған шешімі Қазақстанда іске асырылмай қалып жатады. Бұл біздің мемлекетіміздің халықаралық имиджіне қатты әсер етеді», - деп пікірін білдірді М.Башимов.
Оның айтуынша, мұндай өзгеріс мемлекеттің адам құқығын қорғау тетігін нығайтып, оның барлық жұмысын қайта құратын болады.

«Бұл сот жүйесінің, прокуратураның, барлық мемлекеттік органның халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін заңнамасын қайта қарастыруға мүмкіндік бермек. Осының бәрі мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен, ұлттық және халықаралық сарапшылармен және ғалымдармен бірлесіп, Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында іске асырылатын болады», - деп нақтылады Марат Башимов.




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 01:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30