Сот Мейіржан Төребаевтың үй қамағына неліктен ауыстырылғанын түсіндірді

26 желтоқсан 2022, 22:07

Сот Мейіржан Төребаевтың үй қамағына ауыстырылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Төребаев шын мәнінде кәмелетке толмаған бес баланы тәрбиелеп отырған отбасының жалғыз асыраушысы, денсаулығына байланысты күтімді қажет ететін қарт анасы бар», - делінген хабарламада.
Мұндай мән-жайлар, соттың пікірінше, Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу сияқты жеңіл жазаға өзгертуге негіз бола алады.