Ел жаңалықтары

Сотқа беріп, шоттары бұғатталды: Теміртау әкімдігі балалар үйінің түлегіне миллиондаған қарызы бар пәтерді берген

  • Сотқа беріп, шоттары бұғатталды: Теміртау әкімдігі балалар үйінің түлегіне миллиондаған қарызы бар пәтерді берген

    Сотқа беріп, шоттары бұғатталды: Теміртау әкімдігі балалар үйінің түлегіне миллиондаған қарызы бар пәтерді берген

Теміртау әкімдігі балалар үйінің түлегіне миллиондаған қарызы бар пәтерді берген. Үш жылдан бері Фрэнсис Левин коммуналдық ұйымдардың табалдырығын тоздырып, өзінен басқа адамдардың қарызын алып тастауды сұрап келеді. Бірақ, ақыр соңында оны сотқа беріп, шоттары бұғатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл пәтерге кірудің өзі қорқынышты. Жуынатын бөлмесі жоқ. Төбесі жарылып жатыр. Осындай пәтерді тұрғын үй қорынан 2017 жылы  балалар үйінің түлегі Фрэнсис Левинге берген. Ол кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қыздың ақшасы болмаған. Қазір де тұрмыстағы қыз қаржы жағынан қиыншылық бар екенін жасырмайды. Жас отбасы пәтер жалдап тұрады.

 

"Мен бұл жерден линолеумді алғанда мұнда биттер, егеуқұйрықтар, таракандар, өрмекшілер және т.с.с болды. Мұндай пәтерде баламен қалай тұруға болады", - дейді Фрэнсис Левиннің жұбайы Алексей Левин.

Бұл аздай, ордерді алған соң Фрэнсис Левинге коммуналдық төлем парақшалары келе бастаған. Ол бұрынғы үй иелерінің қарызы. Қыз 3 жылдан бері мойынан өзгелердің қарызын ала алмай жүр.

"Мен 5 рет барып, арыз жаздым. Мен ТҮКШ-ге бардым, онда мені Оқжетпеске жіберді, одан тағы бірге, ПИК-ке жіберді. Бәрінде арыз жаздым. Ешқандай нәтиже жоқ. 3 жылдан бері осымен күресіп келемін", - деді  Фрэнсис Левин.

Қарыз сомасы өсіп жатыр, оған жарық, су, жылу төлемі кіреді. Бұл пәтерді жас отбасының тұра алмауынан бөлек, жәбірленуші жақында шоттары бұғатталғанын білген. 

Қыздың 2 млн теңгесі бар, оны мемлекет оқуы үшін берген. Ал қазір ол ЖОО-ның ақысын төлей алмай отыр, оқудан шығып қалу қаупі бар.

"Ол тұрғанға дейін есептелген коммуналдық төлемді жеке сот тәртібімен коммуналдық төлемді жеткізушілер алады. Демек, 2017 жылға дейін болған қарыздар меншіктен бұрынғы иелерінен қайтарылады", - деді Теміртау әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.

Ал 2017 жылдан кейін 180 мың теңге қарыз жиналған. Осы қарыз бойынша сот орындаушысы шоттарды бұғаттаған. Теміртау қаласының әкімдігі "Оқжетпес" компаниясы бөліп төлеу кестесін құратынын мәлімдеді. 

Фрэнсис Левин болса шоттарын ашуды сұрап отыр. 

 
 

 




Көрілген: 208    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31